Философия

РефератИтальянский футуризм

Даже ни разу не побывавшему в Италии человеку известно, что в Риме есть полуразрушенный Колизей, в Неаполе поют очень красивые песни, в галереях висят работы самых знаменитых художников эпохи Ренессанса, Пизанская башня падает, а Венеция – самый прекрасный и необычный город мира. Этот набор элементарных туристических штампов показывает, насколько развита художественная культура в этой стране. Но 100 лет назад именно в Италии прозвучал призыв затопить Венецию, разрушить соборы и музеи.

Тип работы: 
Тема реферата: 

РефератМағжан ақынның дүниетаным әлемі

Жиырмасыншы ғасырдың басы — қазақ философиясының даму тарихы тұрғысынан әлі күнге дейін толық және терең зерттелмеген кезең. Бұл кезеңде әйгілі ақындар мен жазушылардан, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен құралған демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ерекше шоқжұлдызы: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов сынды алыптар өмір сүрді. Олардың бізге жеткен шығармашылық мұрасын қайта жүйелі зерделеу кезінде бұл ойшылдардың сол заманда-ақ көтер­ген мәселелерінің мәні өте терең екенін және айтқан ойларының мағынасын енді ғана толық түсіне бастағанымызды байқаймыз. Шын мәнінде олар өз заманынан озық туған тұлғалар еді.

 

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

РефератҚазақ философиясы тарихын логикалық-құрылымдық кестелер арқылы оқыту

Философия пәнін оқытуды талдау барысында соңғы кезде академиялық сабақтардың (әсіресе практикалық) мазмұнында эмпирикалық білімдерге басты назар аудару тенденциясының орын алғаны байқалды. Біздің мұнымен не айтқымыз келеді? Философия пәні бойынша сабақтардың мазмұны негізінен нақты мысалдармен, өзекті оқиғалармен, практикалық сұрақтармен және тарихи деректерге бай материалдармен берілуде. Алайда, бұл бағытпен  тым әуестену сабақ мазмұнының теориялық бөлігінің жеткілікті қарастырылмайтынын, тіпті оның эмпирикалық материалдардың көптігінен ығыстырылуына алып келуде. Аталмыш жағдайда дәстүрлі және вербальды дидактикалық құралдарды пайдалану жеткіліксіз болып табылуда. Сондықтан философия пәнін оқытудың негізгі міндеттерінің бірі-студенттердің теориялық білімдерді меңгеруін және түсініктік-ұғымдық ойлауын қалыптастырудың тиімді әдістері мен құралдарын іздестіру мәселесі қажеттілікке айналуда.

   Теориялық мазмұнға бағытталған оқу қызметін басқару әдістемесін құру құралдарының бірі-логикалық-құрылымды немесе графиктік кестелер болып табылады.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

РефератҚазақ әдебиетіндегі даналық үрдіс

Даналық – адамды басыбүтін және үнемі баурайтын соңғы лебіз, соңғы дау. Даналық өне бойы өткенге көз тастап, тарихқа үңілумен болады, адамның, қоғамның, халықтың қазіргі күйіне өткен шақ және болашаққа қарап, салыстырады, сынайды. Белгілі ғалым Кант айтқан, адамға керек, адамға адам болудың, адам болып өмір сүрудің, қандай қиын жағдайда да адам болып қалудың жолдарын көрсететін философия бөлек, ол- даналық философиясы. Оны біз Конфуцийден, Сократтан, Достоевскийден, Л. Толстойдан, Ыбырай мен Абайдан таба аламыз.Осы кезге дейін философиялық әдебиетте даналықты философияның өткен шағы деп қарау, сол себепті даналыққа көңіл бөлмеу орынсыз келеді. Даналық- философияның түпкі мәні. Даналықтың не екенін Сократтан сұрауға тура келеді. Оның ойынша , даналық деген дүниені, өзіңді басқаларды түсіну, бәріне де түсінікпен қарау.

Философияның даналыққа байланысты тағы бір анықтамасы – түсінік.      Геккельдердің философиясы рухты түсінуге бағытталса, К.Маркстың философиясы тарихты түсінумен байланысты.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

РефератАбайдың әділеттілік іліміне шолу

Әділет – қиянаттың дұшпаны. Олардың арасында өтетін талас-тартыс күллі адамзат көшінің тағдырына, тарихы мен мәдениетіне сәулесін түсіреді және небір ғажайып шедевр, классикалық туындыны дүниеге әкеледі. Күллі көркем әдебиет классиктері шығармашылығының алтын өзегі - әділет пен қиянаттың  мәңгі айқасы, бітіспес майданы. Көркем әдебиеттегі деймін-ау, күнделікті өмірдегі шындық өзегі де осы тартыс емес пе. 

        Сонымен, әділет - жан сақтау құралының бірі, қастерлі категория.  Бірақ әділеттілік туралы басқадай не білеміз, ол жайлы біліміміз толық па? 

        Сірә да жоқ, қазақ философиясы тұра тұрсын, әлемдік философия тарапынан да әділеттілік туралы пайымдар бір ізге түскен емес, яғни өз алдына дербес жүйелі ілім боп қалыптасты деуге әлі күнге ертерек. Себеп - феномен ұғымның күрделі табиғатында және түп тегі - генезисінің тереңдігінде десек қате бола қоймас. Төменде осы күрделі тақырыпты сөз етпекпіз. Ондағы мақсатымыз - жаңағы олқылықтың орнын толтырған данышпан біздің қазақтың Абайы екенін дәйектеуге саяды.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

РефератАр түзейтін бір ғылым

Шәкәрімнің танымдық әлеміне Абай мұрасы арқылы кіру – ұтымды боларына айрықша ден қою керек, өйткені бұл жол жантану ілімін танып білуде адастырмас темірқазығымыз.

 

Екі ой алыбы өз туындыларында қазақтың қоғамдық ой санасындағы шешуші әрі күрделі философиялық тақырыпты көтеріп, оның өзегіне айналған жантану ілімін танып білу жолында толассыз ізденіске түскен.

 

Алдымен, Абай өз поэзиясында 1889 жылдан өмірінің соңына дейін түп иені танып білу жолында жүрек культін көтере жырлау арқылы толық адам ілімінің негізін салуға батыл қадам жасауға ұмтылды. Бұл ұмтылысты Шәкәрім дәстүрлі жалғастыра дамыту арқылы XІX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басындағы әдебиетте философиялық лириканы классикалық биік деңгейге көтере білді.

 

Ұстазы хакім Абай мен шәкірті Шәкәрім түп иені (хақиқатты) танып білуге жантану ілімі арқылы бару жолын ұстанды. Әсіресе, бұл өте күрделі, шешуі қиын, салмағы зіл батпан мәселені Шәкәрім XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ояну дәуірінде мүлде тереңдей зерттеп, соны таным, тың ойлар желісін тартты. Әрі оны философиялық лирика табиғатына сай молынан қамтып, зерлеп, зерттеп терең мән бере қарады.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

РефератҚазақ батырларының наным-сенімдері мен этикасы

Қазақтың этноргафиялық суреттерінде кескінделген адам (батыр) бейнесі негізінен өте қарапайым түрде, яғни бет әлпеті өңсіз, бос болып, ал кеудесі мен қол-аяқтары жай сызықтармен, кейбірінде тік бұрыштармен; өте сирек көріністерде: кеудесі - қазақтың антропоморвты мүсініне ұқсас болса, ал аяғы - қонышы кең, биік өкшелі, киіз байпақты саптама етік түрінде қалыптан тыс ұлғайтылып берілген. Бет-әлпеті өңсіз, бос болып келетін сурттердің басында конус іспетті «қаптама» булыға, күн немесе т.б. культті бейнелер болуы мүмкін. Иықтары домаланып келген трапеция пішінді кеудесі астындағы тұғырымен бірге бүтін ұлу тастардан қашалып жасалса, кейбірінің тұғырларының қапталдарына әртүрлі суреттер, көп бұрышты сынықтар немесе бейнесіз мүсндер салынады. Олардың кейбірі тік сызықтардың қосылуы арқылы «күн», «ұшқан құс», «жебе» т.б. тәрізді жеке батырлардың немесе белгілі бір рудың таңбасына айналады. Мұндай белгілі-таңбалар мүсндердің иықтарында да кездеседі. Денесінің алды-артына қылыш, айбалта, шиті мылтық, жебелі садақ пен жебелері бар қорамса сияқты қару-жарақ түрлері салынады.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

Реферат«Мұтылған» философиясы

Шәкәрім өзіне-өзі “Мұтылған” (ұмытылған – Ғ.Е.) деп ат қойған. Біздіңше, бұл псевдоним. Мәселенің байыбына барсақ, ақынның өзіне осылайша ат қоюында мән бар. Оның дәлелін “Мұтылғанның өмірі” деген толғау-өлеңнен табамыз.

 

Жаралы жаным шықсын деп,

Қара жер мені жұтсын деп,

Өлген соң елім мұтсын деп,

Атымды қойдым: “Мұтылған”.

 

Шәкәрім өзінің белгілі бір кезеңдерде ұмытылатынын көре білген. Өзінің бұл қоғамға қажетті жағын, дұрысын айтқанда, бұл заман оны керек етпейтіндіктен ұмыт болатынын ақын дөп басып айтқан.

 

Социализм мен Шәкәрім ымыраға келмейтін өлшемдер. Адам ақылына арқа тіремеген өкіметті Шәкәрім қабылдай алмады. Білімді, данышпандықты жоққа шығару, ысырап ету сау ақылға сыятын әрекет емес.

 

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

РефератАтлантида Ол қандай болған?

 Сократ, тыңда мені. Бұл таңғажайып ертегі емес, түпкі жағында негіз бар әңгіме. Ол жөнінде жеті дананың данасы атанған Солон баян етіпті. Ол біздің арғы атамыз Дропидтің жақын туысы, онымен аз уақыт болса да бірге болған, достасқан адам. Ол достығы жөнінде өзінің жазған өлеңдерінде де жиі-жиі еске салып отырады. Сол Дропид бұл тарихты атамыз Критийге айтыпты, ал Критий шал оны бізге ауызша жеткізген.

 

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

Страницы