Философия

РефератАлтын жүлге

 Халық мұрасының қайнар көзі – көне заман әндері жөніндегі толғам

 

 Тарихымызды жазуда пәлен айтты, түген айтты деп, неше түрлі қазақ жерлерінде жолшыбай болғандардың айтқан, жазғандарына сүйеніп жүреміз. Әрине, оларды жоққа шығарудан аулақпыз. Ол да керек. Бірақ, өз материалдарымызды толық, ізгілікті пайдаланып жүрміз бе? Өкінішке қарай, бұл жағы бізде олқылау. Ойлап қарасақ, біздің тарихымыз халқымыздың ауыз әдебиетінде, өлең-жырларында, әдет-ғұрыпында тілі мен салтында екен. Олар біздің тарихымыздың өте ертеден келе жатқанын байқатады. Қазақта “Ұлы Ұрымға (Рим), қызы Қырымға қонды”, яғни, алысқа кетті деген мағынаны білдіретін сөз бар. Бұл бір замандарда біздің арғы бабаларымыз бүкіл жер шарын шарлағанын көр­сетеді. Немесе, “Барған жерің Балқан тау, ол да біздің көрген тау” деген сөз тіркесін алайықшы. Бұл да жоғарыда айтылған ойды айқындай түсетін сияқты.

 

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

РефератМахаббат пен ғадауат

 Біздің ұлық Абайымыз айтпаған сөз қалған ба? Жасың ұлғайып, дүние сырына бұрынғыдан тереңірек үңілген сайын Абайға барып жүгінуің жиілей береді. Жаныңды қинаған сұрақтарға жауап іздейсің.

 

Өлсем орным — қара жер сыз болмай ма?

Өткір тіл — бір ұялшақ қыз болмай ма?

Махаббат ғадауатпен майдандасқан,

Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? – деп жазады ақын.

 

Мұндағы Махаббат - ғаламдық көлемдегі сүйіспеншілікті бейнелесе, Ғадауат сол махаббатқа қарама-қарсы - жек көру, мейірімсіздік, қаскүнемдік, дұшпандық деген ұғымдарды бейнелейді. Бұдан басқа Абайдың талқысына түсетін Нәпсі деген сөз бар. Оның мағынасы тіпті жан-жақты: адамның ішкі жан дүниесі, құштарлығы, құлқы-пейілі болып таралып кетеді. Махаббат. Ғадауат. Нәпсі. Асылы гомо сапиенс аталатын саналы адамның өмірі осындай үш тағанға тіреліп тұратын болса керек.

 

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

РефератКөне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар

Қазақтың ата-тегі болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндердің түп төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан көшпенділк әмбебапшылығы басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра, жер өңдеушілердің де дүниетанымдық көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды.

Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі 25 ғасырлық тарихы бар халықтың рухани бастауларға көңіл аударуын туындатуы заңды еді. Қазақтың ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тәңірге табынушылығында және сақтар, ғұндар, үйсіндер мифологиясында алдыңғы орынға философиялық дүниетанымдық мәселе отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының, жолдарының ара қатысы шығады. Бұл көне түрік жазу мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

РефератДомбыра философиясы

Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

РефератИ. Канттың философиясы

Өзінің «Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде Кант: «...құдайдың, мәңгі рухтың я бар екендігін, я жоқ екендігін теориялық жолмен дәлелдеу еш мүмкін емес», - деген тұжырым жасаған. Ал «Практикалық ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде олардың бар екендійн «дәлелдемек» болады. Ар ілімі (этика) ғылым мен дінді жарастыру, дәлірек айтқанда, ғылымды дінге бағындару үшін ат салысуы тиіс болды.

Алайда, Канттың ар ілімі адамдардың күнделікті өмірде жолбасшылыққа алатын адамгершілік қағидалары емес, практикалық ақыл-ойдың «жарлыққа сай талаптары туралы». Ар-ұят өлшемдері категориялық императивтің (адамгершіліктің ең жоғарғы қағидасы) талаптарыиа сай келіп отыруы тиіс. Басқаша айтқанда, адамдардың іс-әрекеттері жоғары мәртебелі заңдардың үдесінен шығып отыруы тиіс. Әрине, Канттың бұл ойы үстем таптардың құлағына майдай жақты, сондықтан да олар Кантты марапаттап, басына көтерді. Еңбекші халықты уыстан шығармай ұстап отырудың бірден-бір рухани құралы болғандықтан, Канттың ар ілімі (этикасы) әлі күнге дейін үстем таптарды енжар қалдыра алмайды. Дсрексізденген парыз ұғымы - Канттың ар ілімінің ішкі өзегі.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

РефератҚытай философиясы

Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен: 1. Инь және Ян мектебі. 2. Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер. 3. Моистер мектебі. 4. Атаулар мектебі. 5. Заңгерлер мектебі. 6. Күш пен жол мектебі (дао цзя). Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б.ж.с.д. VII-VII ғасырда) алады.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

РефератДүниеге көзқарас туралы ұғым

Ауызша халық мәдени ескерткіштерін зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік саяси, адамгершілік тәрбие және дүниегекөзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі. Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар құбылыстар жайында білімдер жинақтайды. Өсе келе ол өзіне “дүние неге бұлай”, “адамның өсуі мен өлімі” жайында сұрақтар қояды. Міне, осы сияқты сұрақтарды білуі үшін оның дүниеге деген кең көлемдегі көзқарасы пайда болады. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниегекөзқарас деп аталады. Дүниегекөзқарас адам өмірінің практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

РефератҚоғам және философиялық ерекшеліктер

  1. Қоғам және оны зерттеудің методологиялық негіздері.
  2. Қоғамдық қатынастар.
  3. Қоғамның қозғаушы күштері.

 

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

РефератГегельдің диалектикалық концепциясы

Гегель (1770-1831) Кант пен Фихтенің ерекше дара идеяларын шығармашылық, сонымен қатар өз құқығында ақыл-ойды негіздемекші болды, яғни жаңа заман философтарының шығармашылық жетістіктерін жалғастырды. Егер Кант трансценденталды алғышарттарды қабылдаудың екі формасын, яғни кеңістік пен уақытты, он екі категорияны және субъект пен берілген себептілік принцпін аштым және негіздедім деп ойласа, Гегель өз ілімін жаңа негіздерден алып шығады. Кант пен салыстырғанда Гегель трансценденталды алғышарттарды тарих құрастырады деп санады, өйткені ол абсолюттік идея дамуының интерсубъективті үдерісі болып табылады.

 

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

РефератФилософиядан дедукция және индукция әдістері

Дедукция (лат deductios - толық білу) - алғашқы ойдан логикалық жолмен (яғни логика заңына сәйкес) туған жаңа пікірді білдіретін ойлау формасы. Дедукция жалпыдан ерекшеге, одан жекеге апаратын ой қортындысының бір түрі. Ойдың мұндай бір ізділігін тұжырымдау деп айтады, ал осы тұжырымның әрбір компоненті не бұрын дәлелденген пікір немесе аксиома немесе гипотеза болып табылады. Тұжырымның соңғы пікірі қорытынды деп аталады. Дедукция - біздің ойлау процесімізде маңызды роль атқарады нақтылы фактілерді жалпы ережеге салып, одан кейін жалпы ереже бойынша осы нақты фактіге сәйкес белгілі бір тұжырым алғанда біз дедукция формасында ой қорытамыз. Егерде алғы шарт ақиқат болса, онда тұжырымның дұрыстығы материалдық дүниенің заңдылығы, жалпы мен жекенің обьективті қатынасы мен байланысының дедукция еределерін де бейнелеуінен туады.

 

Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 
Тема реферата: 

Страницы