Реферат"Алтын адамға" тереңірек үңілсек

 

“Мәдени мұра” бағдарламасы шеңберінде Есік қорық-мұра­жа­йын ашуға байланысты былтыр күз­де Президент Әкімшілігі Бас­шысының орынбасары, “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес төр­аға­сы Мәулен Әшімбаевтың ар­на­йы келіп, Алтын адам табыл­ған өңірде отырыс өткізіп, жер жағдайын өз көзімен көріп қайт­қанын біліп, шынымды айтсам, аса қатты қуандым. Бұл мәселе, меніңше, әлдеқашан көтерілуі керек еді. “Мәдени мұра” бағ­дар­ламасына байланысты Пре­зидент Н.Ә.Назарбаев: “Тарихи ескерт­кіш­терді жаңғырту жұ­мысы ерек­ше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл – құрылыс емес, ғылыми жұмыс... Ол жұмыстар­дың біт­кен­­нен кейінгі тағдыры қандай бол­мақ? Отырар сияқты ашық аспан астында ашық-ша­шық тас­тап кетеміз бе?”, – деп, қын­жыла ескерткен болатын.<br>

Президенттің бұл сөзінен, жасыратыны жоқ, бұған дейін жүр­гізілген археологиялық жұ­мыс­­тарға көңілі толмайтыны ай­қын аңғарылады. Алайда Елба­сы­ның сол ескертпесін қатаң бас­шы­лыққа алған-алмағанымыз әлі белгісіз. Академик Досмұха­мед Кішібеков: “1969 жылы Ал­маты облысының Есік қаласы­на жа­қын жерден бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген “Ал­тын адам” табылды. Бұл, әлем ғалымдарының пікірінше, Еги­пет­тегі Тутанхамоннан кейін­гі екінші үлкен ғылыми жетістікке жататын жаңалық еді”, – дейді (“ЕҚ”. 31.10.07). Бірақ, өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін сол “екін­ші үлкен ғылыми жаңалық­қа” лайық ұлттық шара жасай ал­ған жоқ едік. Енді, міне, “Мә­дени мұраның” шарапаты бұған да тиіп, ол шара екі жыл көле­мінде жүзеге асатын болып жатса және газет: “Бұл істе әрбір ұсақ-түйекке дейін мән берілуі тиіс”, – деп, қамқор болып жатса, қалай қуанбассың! <br>

Бірақ, соның жақсы бітуін де осы бастан жан-жақты ойлас­тыр­ған жөн. Ол үшін ең әуелі, ме­ніңше, Президент айтқандай, мұ­ның “құрылыс емес, ғылыми жұ­мыс” екенін есте ұстау қажет. Сон­дықтан, қорық-мұражайды са­лу жұмысымен қабат оның ғы­лы­ми-зерттеу жағын да тереңде­туге тиіспіз. Сонда ғана әлемдік мәні бар тарихи мұражайымызды өзгелерге лайықты дәрежеде таны­тып, өз деңгейінде дәріптей аламыз. Сол іске азды-көпті кө­мегі тие ме деген ниетпен бірер пікір айтпақпыз. 

ВложениеРазмер
altyn_adamga_terenirek_unilsek_referat.doc80.5 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий