РефератАғылшын абсолютизмі

 

Тақырып өзектілігі. XVғ. 80-жылдары – XVIIғ. 40-жылдары орын алған абсолютизмнің Ұлыбританияда ерекше маңыздылығы болғаны белгілі. Абсолютизм қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық үрдістердің алға қарай дамуына ерекше ықпал етті. Сондықтан, абсолютизмнің орнау тарихын, оның барысында халықтардың өз басынан өткерген абсолютті монархияның әсерлері мен қоғамдық-саяси өзгерістеріне ұшырауын, және көптеген себептердің нәтижесінде Бірінші Стюарттар кезінде дағдарысқа ұшырап, соңында Карлдан кейін абсолютистік режимнің ыдырауын  атап көрсету және білу маңызды. Сонымен қатар, XV ғ. аяғы – XVII ғ. ортасындағы абсолютизм кезенінің әр түрлі әлеуметтік таптарға, Англияның экономикасына, даму ерекшелігіне жағымды немесе жағымсыз әсерін айқындау. Осы тұрғыдан алғанда, ағылшын абсолютизмінің халықаралық жүйедегі орын алуымен үлкенді-кішілі шетелдік мемлекеттермен қарым-қатынасын орнату саясатымен, белсенді саясатқа өзінің сыртқы саясатымен әсер етуін көрсету.

   XV ғ. бастап орын алған абсолютизм, Европаның басқа да елдеріне тән болды. Бірақ бұл курс жұмысы ағылшын абсолютизміне арналғандықтан Тюдорлар мен Стюарттардың саясатына, оның ерекшелігіне сипаттама беру маңызды болды.

    Негізінен, абсолютті монархтердің сыртқы және ішкі саясатының  мазмұны қоғамды бөлшектеп, халықтың абсолютизмнен бас тартуына әкелді. Яғни, абсолютті монархтердің билікті бөлісуде күресі, абсолютизм дәуірі басталуымен осы күрес жолына түскен корольдердің күшіне сәйкес  тартысының одан бетер өткірленуі алмастырды. Тюдорлар  ағылшын абсолютизмінің шарықтау шегін біраз сақтай тұрып, өз билігін кеңейтуге ұмтылды. Ал, өткір бәсекеге түскен Стюарттар абсолютті монархияны дағдарысқа ұшыратты.

      Абсолютизм дәуірінің келуі екі династияның  болуымен сипатталынды – Тюдорлар: Генрих-VII, Генрих-VIII, Эдуард-VI, Мария, Элизавета I және Стюарттар: Яков-I, Карл-I.

    Қарастырылып отырған тақырыптың осындай өзектілігі, саяси және тәжірибелік маңыздылығы оны ғылыми тұрғыдан зерттеп, саралау талабын қояды.

    Осы үрдісте тақырыптың зерттеу мақсаты: ағылшын абсолютизмінің орнауының тарихи алғышарттарының қалыптасуы мен барысын зерттеу, Тюдорлармен Стюарттардың абсолютті монархияларының кезіндегі Англия жағдайын анықтау, жалпы ерекшеліктерін саралау.

   Мұндай зерттеудің маңыздылығы барысында абсолютті монархтердің экономикалық, әлеуметтік саясатында халыққа, қоғамға тигізетін әсерін күшейтудің нәтижесінде байқауға болады. Курс жұмысының алдына қойған осындай мақсатына жетуде төмендегідей міндеттер орындалу тиіс деп қарастырдым:

 -  Англияда абсолютизмнің пайда болуының, орнауының, даму барысының ерекшелігін, тарихи табиғатын және жалпы ағылшын абсолютизмнің шетел мемлекеттерінің абсолютизмінен айырмашылығын көрсету

-         Тюдорлар абсолютизмінің саясатын жан-жақты зерттеу 

-         Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютті монархиясының шарықтауының алғышарттарын, барысын, нәтижесін анықтау

-         Абсолютизмнің арықарай дамуына негіз болған Стюарттар монархиясы кезіндегі Англияның ішкі-сыртқы саясатын, парламент пен король арасындағы конфликттің себебін көрсету

-         Ағылшын абсолютизмінің дағдарысының себебін, нәтижесін саралау

    Осындай міндеттердің орындалуы курс жұмысының мақсатынының төмендегідей екі негізгі құрамдас бөлігінің іске асырылуына мүмкіндік береді.

1. Ағылшын абсолютизмінің орнауы

2. Бірінші Стюарттар кезіндегі абсолютті монархия

         Курс жұмысын жазуда мынандай тарихи-талдау методологиялық принциптер басшылыққа алынды.

-         абсолютті монархияның орнауының алғышарттары, себептері, салдары болатындығы және оның тарихи дамуының ықпалында болатын тарихи принцип

-         қандай да болмасын монархтың экономикалық, әлеуметтік, сыртқы саясатының халықаралық факторларға тікелей тәуелділігі

       Сонымен қатар талдау тәсілін, Тюдорлармен Стюарттардың халықаралық  қатынастар жүйесіндегі, соның ішіндегі Ұлыбританияның тарихында алған  мән маңызы мен қажеттілігін зерттейтін экспликативтік тәсілдерінің ішінде пайдалы болған контенті ретінде алдым.

  Зерттеу жұмысы барысында тарихи оқиғаларды сараптауда, оларға объективті көзқарас қалыптастыруда, тарихи процесстерге нақты баға беру үшін, маңызды деректер қатарына сүйендім. Осы деректер тізіміне келесі авторлардың кітаптарын атап кетуге болады: В.М. Лавровский, В.И.Ленин. Лавровский өзінің еңбегінде Ұлыбританияда болып өткен 17ғ. ағылшын буржуазиялық революциясының маңызды этаптарын, негізгі мәселелерін көрсетіп, оның халыққа әсерін талдап, Стюарттар абсолютизмінің дағдарысының өрістеуін баяндаған. Сонымен қатар, онда Карл I-ші кезіндегі парламент пен король арасындағы қақтығыстың пайда болуының, өрістеуінің себебін атап, және оған қарсы шаралардың қолдану мәселесі туралы қарастырған.

   Қосымша дерек ретінде, В.И. Лениннің кітабында «патшалық монархияның таптық мінезі патша билігінің және бюрократияның үлкен дербестігін және тәуелсіздігін жоя алмайды, яғни бұл деген самодержавиенің және монархияның жоғарғы таптарды билеуі» деген абсолютизмге берген түсініктемесінің маңыздылығы зор болды.

ВложениеРазмер
agylshyn_absolyutizmi.doc196 КБ
Тип работы: 

Добавить комментарий