РефератМұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері

Жоспар:

 


Негізгі бөлім

І. Білім процесінде мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастары

1.1 Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы

1.2 Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы

ІІ. Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттері

2.1 Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынастары

2.2 Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының
формасы мен тәсілдері.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

Кіріспе


Қазақ халқы ұлт болып қалыптасып, тәуелсіздікке ие болып отырған тарихи кезеңде ұлттық сана жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа қасиет-сапарлармен толысуы керек. Ол өздігімен келмейтін нәрсе. Оны іске асыру-күрделі қоғамдық мәнді құбылыс.
Осыған орай жас ұрпақты оқытып, тәрбиелейтін барлық ұжымдардың алдына қойылып отырған талаптардың бірі – ұлттық тәлім-тәрбиеге баса көңіл бөлу. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін алдымен жастарды тәрбиелеуші ұстаздардың өзін тиісті біліммен қаруландыру қажет.

Ұстаздың негізгі міндеті – баланы тұлға етіп тәрбиелеп, қалыптастыру. Бұл процесс белгілі бір әлеуметтік ортада, адамдардың өзара қарым-қатынасының арқасында және түрлі харакеттер негізінде іске асырылады. Бұл істе басты рольді тәрбиелеуші, яғни, ұстаздық етуші қамқор кісі атқарады. Ол тәрбиеленушінің жан дүниесін, жан күйін жақсы білуі керек. Басқа сөзбен айтқанда, ол адам жанының инженері-психолог болуы керек.

Жеке кісі болсын, адамдардың ұлттық құрылым болсын, олардың психологиясындағы ерекше бір көрініс – міне-қасиеті. Адам сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінездің түр – түрі көп. Оның моральдық жағынан ұстамдылығы, бірқалыптылығы, толықтылығы, салмақтылығы мінездің негізгі сапалары болып табылады.

Оқушыларды оқуда да, одан тыс процестерде де ұйымдастыра отырып, оқытушы олармен өзара үнемі араласады. Әлеуметтік функцияны тасушы ғана емес, нақтылы жеке адам ретінде де көірентін мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы – педагогтық қызметтің құрамдас бөлігі. Оның оқушылармен қарым-қатынасы екі негізгі. Информацтялық және интегративті-компенсаторлы функция бар тәрбие процесінің өзіне тән жолымен басқару ретінде көрінеді. Бұл жерде хабар екі бағытта басқару субъектісінен (мұғалімнен) басқарылатын объектіге (оқушыға) және керісінше – объектінің субъектіге қарай жүреді. Тікелей адамдар арасындағы қатынаста педагог тәрбиелеушілер, жалпы коллектив туралы, ондағы ішкі процестер туралы сан алуан мәліметтер алып отыр. Өз ретінде, педагог қатынас процесінде тәрбиеленушілерге мақсатты бағытталған, оқушыларға оның үндеуінің шағын текстегі ретінде спонтанды, жарып шығатын қаптаған информация береді.
Қатынасу арқылы мәліметтер алады. Тікелей қарым-қатынас жеке адамды түрлі жағдайда және жәйттерде танып ұғынуға мүмкіндік береді. Ол жеке адамның ашық, неғұрлым айқын байқалатын сыртқы қылықтарын біліп қоймай, майда шамалы мәлімденген қылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Ал, олар жеке адамды түсіну үшін аса елеулі, маңызды ішкі процестердің байқалу нышандары болуы мүмкін.

 

 

Всего 28 страниц.

ВложениеРазмер
Mugalim_men_okushylar_karymkatynastar.zip27.17 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий