РефератАзаматтық Кодекстегі талап қою ұғымы

Азаматтық Кодекстегі талап қою ұғымы.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінде көзделген талап қою туралы ереженің бұрынғы күшіндегі Азаматтық заңдардан айтарлықтай өзгешелігі бар. Азаматтық құқықтың қазіргі институты ұғымдарына, талап қою мерзімдері мен оларды есептеудің тәртібіне, талап қоюдың қолданылуы және талап қою мерзімінің өту салдарына қатысы бар. Талап қою ұғымы.Бұл түсінік заңның бірқатар саласында кездеседі. Қандай жағдайда болса да ол құқықтық себептерге әкелетін белгілі бір мезгіл кезеңін білдіреді.1991 жылғы Азаматтық заң негіздері мүлік иесі болмаса да, жылжымайтын мүлікке он бес жылдан артық немесе басқа мүлікке бес жылдан артық өз мүлкіндей адал, ашық және үздіксіз иелік еткен азамат немесе заңды тұлға осы мүлікке меншік иесі құқығын алатындығын анықтап, иелену мерзімінің өтуі туралы тұңғыш рет құқықтық норма енгізілді. Осы ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 240-бабында жаңғырылған.Бұл орайда иелік етудің мерзімі өтуі негізінде иемдену құқын сот жолымен тану көзделмеген.Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығында да айтылмайды. Осылайша жоғарыда келтірілген нормаларда мерзімі өту –уақыттың белгілі бір кезеңі ретінде сот қатысуынсыз құқықтық себеп-салдарға әкеліп соғады. Талап қою институты басқаша әрекет етеді. Осы мерзімі өту дегеннің өзі талап қоюмен байланысты, сондықтан ол тек соттың талап арызды қарау процесінде ғана қолданылуы мүмкін. Дегенмен, талап қоюды қолдану азаматтық-құқықтық қатынастар саласында ғана белгіленбеген. Қолданылып жүрген заңда талап қою мерзімінің өтуі отбасы құқында, тұрғын үй құқы, салық құқында , банкі құқығында , көлік Жарғылары мен Кодекстерде, халықаралық келісімдерде көзделген.

Всего 7 страниц.

ВложениеРазмер
Azamattyk_Kodeks.zip9.92 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий