РефератҚазақстан флорасы.

Жасыл әлем байлығы Қазақстан жерін де көмкеріп жатыр. Бүгінде республика территориясында өсімідіктердің 5600 түрі өсетіндігі белгілі. Оның ішінде 758 түрі қазақ топырағында ғана өсетін эндемик өсімдіктер. Сонымен қатар өлкемізде сонау ертедегі дәуірлерден бері жойылып кетпей, бізге жеткен, яғни реликті өсімдіктердің көптеген түрлері де өседі. Мәселен, Шарын шатқалында 5 млн. жылдан бері өсіп келе жатқан шағын тоғай болса, Жамбыл облысында реликті Шренк тобылғысы, Шу-Іле тауында біздің планетамызда ежелгі саналатын Жетісу инкарвиллеясы өседі.

Жерімізде өсетін жабайы өсімдіктер арасында мәдени дәнді дақылдарға туыстас арпа, қара бидай кездессе, бағалы тағамдық жемістерден сирвес алмасы, өрік, қарақат, таңқурай, қой бүлдірген, жабайы жүзім секілді өсімдіктер де өседі. Ал шипалы өсімдіктердің түрлері болса, олар 500-ге таяу. Қазіргі медицинада соның тек 30-дан астамы ғана пайдаланылады. Шырғанақ, дермене, қырықбуын, қылша, қара андыз сияқты дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс жылдан-жылға артып отыр.

Солай бола тұрса да жерімізде толып жатқан себептерге байланысты өсер аймағы, сиреп кеткен өсімдіктер түрлері де жоқ емес. Мәселен, республика территориясында сирек кездесетін өсімдіктердің 306 түрі өсетін болса, оның жиырмасының жойылып кету қауіпі бар. Оларға: жетісу инкарвиясы, сексеуіл, регель қызғалдағы т.б. жатады. Міне, осындай сан алуан өсімдіктер дүниесін қорғаудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік маңызы ерекше болғандықтан, олармен етене танысқанымыз абзал.

Сондай өсімдіктердің көптеген түрлері жоғалып кеткен өлкелердің біріне – Жамбыл облысын да жатқызуға болады. Бұл өсімдіктердің жоғалуына көптеген факторлар кері әсер етеді. Осындай жағдайлардың кері әсерін мейлінше азайтып, сирек кездесетін дәрілік өсімдіктерді сақтау үшін оларды қорғауды насихаттап, қайсібірлерін «Қызыл кітапқа» енгізу мәселелерін көтеріп, қорықтар ұйымдастыруды қолға алу қажет деп есептейміз.

Тип работы: 

Добавить комментарий