РефератҚазақстан Республикасы конституциялық құқығының пәні, әдісі, және бастаулары

Жоспары:

1. Конституциялық құқық пәні және құқық саласы ретінде.

2. Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі.

3. Конституциялық құқық ғылым саласы ретінде.

1. Конституциялық құқық пәні және құқық саласы ретінде. Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормаларға қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнің құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды, сондай ақ мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі. Конституциялық құқық пәнін түсінудің теориялық, сондай ақ практикалық мәні бар. Онсыз Конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, орлардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді орындау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуеттік, діни байланыстардың негізін қалайды.

Всего 11 страниц.

ВложениеРазмер
1.zip9.83 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий