РефератҚазақстан Республикасының конституциясы – мемлекттің негізгі заңы

Жоспары:

1. Конституцияның ұғымы

2. Конституцияның мәні

3. Конституцияның ерекше белгілері

1. Конституцияның ұғымы
Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде «Конституция» деген сөз «саяси құрылыс» ұғымын білдіретін. ХҮІІ ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі. Ұлы француз төңкерісі қарсаңында «Конституция» сөзі «Мемлекеттің жай-күйі» ұғымын танытты. Конституция сөзі латынның constitutio – бекіту, орнату деген мағынаны білдірді. Рим империясы заңдарында императорлардың құқық көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Ең алғашқы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған болатын. Ұлыбритания, Жаңа Зеландия жазбалы емес конституциялары бар мемлекеттер. Оның жазбалы емес конституция деп аталуы ХІІІ – ХХ ғасырларда қабылданған көптеген актілер, соның ішінде сот үрдістері (прецедент), әдет-ғұрып (конституциялық келісім) жататындығынан. Бұлардың бәрі бір-бірімен байланысы жоқ, белгілі бір жүйеге келтірілмеген, сондықтан тұтас акті ретінде қалыптаспаған.
Ең алғашқы жазбалы Конституцияны (ішкі құрылымдарға бөлінген бірыңғай негізгі заң) АҚШ – тікі деп атауымызға болады, ол 1787 жылы қабылданып, осы уақытқа дейін қолданылып жүр. Еуропадағы жазбалы конституциялар Польша мен Францияда 1791 жылы қабылданған болатын.
Конституцяның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар құқық нормаларының жүйесі, ол бір жағынан адам мен қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, сонымен бірге мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негіздерін қоғамдық және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші әрі реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып, құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.

Всего 8 страниц.

ВложениеРазмер
5.zip8.1 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий