РефератҚазақстан Республикасының Парламенті

Жоспары:

1. Парламентаризм ұғымы және оның Қазақстан Республикасы Парламентімен арақатынасы.

2. Парламентті құру тәртібі және құрылымы.

3. Парламент құзыреті.

4. Парламенттік тыңдаулар.

1. Парламентаризм ұғымы және оның Қазақстан Республикасы Парламентімен арақатынасы.
ҚР Парламенті – ҚР жоғары өкілді және заң шығарушы органы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабына сәйкес Парламент – Республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді органы болып табылады.
Конституциялық құқық институтының бірі ретіндегі Парламент тарихы тым әріден басталады. Мәселен, ағылшын Парламенті тіпті ХІІ ХІІІ ғасырлада пайда болған. Конституциялық қоғмға басшлық жасаудың белгілі бір жүйесі ретінде парламентаризм тарихы сонау буржуазиялық революция кезеңдерінен бастау алады.
Парламент пен парламентаризм өзара байланысты ұғымдар, дегенмен бірдей емес екендігін айта кету керек. Парламентаризм парламентсіз өмір сүре алмайды, ал парламент парламентаризмэлементтерінсіз өмір сүре алады. Кеңестік парламенттер дәуірінде осылай болды. Парламентаризм элементтері ең алдымен биліктерді бөлу, өкілдік және заңдылық болып табылады.
Өкілдік принципі Қазақстан Республикасы Парламентінің сайлау жолымен құрылатындығынан көрінеді. Жалпы алғанда, парламентаризм конституциялық құқық теориясында мемлекетте биліктерді бөлу принципіне негізделген заң шығарушы билікті өкілдікті жүзеге асыру тәжірибесі ретінде түсіндіріледі. Мұндай Парламенттің болуы халықтық егемендікке арқау болатын мемлекет нысаны ретіндегі демократия туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді.
Парламентаризмнің негізгі идеяларының қазақстан топырағына тамыр салуына Кеңес Одағының құлап, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік және егемендік алған соң ана мүмкіндік туды. Қазіргі заманғы демократияның мызғымас бір бөлігі ретіндегі басқарудың парламенттік нысаны мен парламентаризмді ажырата білу қажет. Республикадағы парламентаризм нысандары мен институттарын қалыптастыру барысында оларды басқарудың президенттік жүйесімен қабаттастыра жүргізуге де болатындығын айқын көрсетіп отыр. 1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасындағы парламентаризмнің одан әрі дамуына тың серпін берді.
Парламент қызметінің конституциялық құқықтық негізі ҚР Конституциясының VI бөлімі, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы, 1997 жылғы 11 сәуірде, 1999 жылы 12 наурызда Конституциялық заңмен енгізілген өзгертулер және толықтыруларымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңы болып табылады.

Всего 9 страниц.

ВложениеРазмер
6.zip9.69 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий