РефератҚазақстан Республикасының Президенті

Жоспары:

1. Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық–құқықтық мәртебесі.

3. Қазақстан Республикасындағы Президентінің құзыреті.

4. Қазақстан Республикасындағы Президентінің актілері.

1. Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы.
Мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы өкілетті мемлекеттік биліктік құрылымдардың қалыптасуынсыз мүмкін емес. Құқықтық мемлекет құру жағдайында мемлекеттік биліктің үш тармағы бірдей күшті болуға және өз функциясын қалыпты орындайтындай жағдайда болуға тиіс. Дегенмен, заң шығарушы және атқарушы билікті байланыстырушы звено тек Президент болуы мүмкін.
Мемлекет басшысы институты тұңғыш рет Қазақ ССР-інің Президенті ретінде 1990 жылдың 24 сәуірінде 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясына толықтыру түрінде енгізілді.
Президенттік институт 1991 жылы 25 тамыздағы «Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі заң)» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңымен одан әрі дамытылды. Онда өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын қызметтен босату рәсімі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белігіленді.
Сөйтіп, президентік басшылықидеясын жүзеге асыру үшін құқықтық негіздер қалана бастады. Алғашында Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңнын 10-бабында «Қазақстан Республикасының басшысы және оның атқарушы өкіметі Президент болып табылады» деген ережені бекітті. 1991 жылдың 01 желтоқсанында жалпы халықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Респубикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Одан әріде Президенттік институттың да, Президенттің жеке басының да көзқарасы қоғамдағы рөлі мен маңызы бірден бірге арта түсті. Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап Президент қызметінің құқықтық негіздері қаланып, оның мемлекетік билік органдары құрылымындағы жағдайы сараланды. Президенттік институтқа қатысты заңдылықтардың даму барысына қысқаша қайырым жасасақ, мынандай ой түюге болады: Президенттің барынша байыпты тұлғасы пайда болды, ол нақтылап айтқанда биліктің барлық үш тармағының қалыптасуында шешуші рөл атқарады.

Всего 11 страниц.

ВложениеРазмер
7.rar9.83 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий