РефератҚазақстанда тұрғын үй құрылысын дамытудың және несиелеудің мемлекеттік бағдарламасының негізгі механизмдері

Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамытудың және несиелеудің
мемлекеттік бағдарламасының негізгі механизмдері


Бізде тұрғын үй бағдарламасы іске асырылып жатқанына үшінші жыл. Осы уақыт ішінде біз оның артықшылығын бағалауға толығымен көз жеткіздік. Тек 2005 жылы ғана қаржыландырудың барлық көздері бойынша бағдарламада көрсетілген 3 миллион шаршы метрдің орнына 5 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2004 жылғы деңгейден 1,8 есеге көп. Осы саладағы табыстар мен кемшіліктерді тыңғылықты зерделеп, тұрғын үй бағдарламасына түзетулер енгізу керек.
Жеке тұрғын үй құрылысын кең ауқымда дамыту үшін ынталандыру жағдайларын жасауымыз керек. Ипотекалық несиелеу жүйесі бойынша тұрғын үй сатып алуға табысы жетпейтін азаматтар үшін тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін одан әрі дамыту керек.

Елімізде тұрғын үйді жалға беру рыногын әлемдік стандарттарға сай дамытып, оны мемлекет үшін ашық, бизнес үшін тартымды ету керек.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету қазіргі кезеңде маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады және соған орай белгілі бір саясатты жасап шығармау мүмкін емес. Әрине, ол оны бірден шешпейді, бірақ бірте-бірте азаматтарды тұрғын үймен неғұрлым тиімді түрде қамтамасыз етуге қол жеткізе отырып, бұл осы мәселені бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Тұрғын үй қатынастары аясында жүргізілетін саясаттың мазмұнын жалпылама түрде анықтайтын Қазақстан Республикасының Конституциясы тұрғын үй қатынастарына тиісті түрде ықпал етеді.

Тұрғын үй саясатының тарихына қысқаша тоқталып өтейік. 1917 жылғы октябрь революциясынан кейінгі және КСРО-ның өмір сүрген кезеңінде тұрғын үй мәселесін шешудің әртүрлі жолдарын бөліп көрсетуге болады. Бастапқы кезде еңбекші халық тұрғын үймен байларға тиесілі тұрғын үйлерді қайта бөлу есебінен қамтамасыз етілді. Кейіннен XX ғасырдың отызыншы жылдарында КСРО-да индустриалдық негізде тұрғын үй құрылысы басталды. Алғашқы уақытта барлығын тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету ойластырылды. Бірақ азаматтарға тұрғын үй бергеннен кейін бірден оған ақы төлеу бойынша белгілі бір нормаланған ставкалар енгізілді, өйткені экономикалық тұрғыдан толығымен тегін тұрғын үй беру ойға қонымсыз еді. О. С. Иоффе айтқандай: "Социалистік ұйымдарға. қатысты заңды тұлға институты 1918 жылдан бастап жарық көрген заңды актілерде 11 пайдаланғаны мен, өзінің қандай да бір елеулі ауқымдағы шынайы көрінісін бұл институт тауарлы ақша қатынастарын тікелей орталықтандырылған қайта бөлу жүйесімен алмастыру процесі аяқталғанға дейін ала алмады. Бірақ ол қарама қайшы процеске - тауарлы ақша қатынастарын мүлікті қатынастар аясына, соның ішінде мүлікті қатынастар аясына қатысумен байланысты қатынастарға енгізуге - орын берген кезде-ақ соңғыларының жекелеген нормативті актілерден басқа РСФСР-дің бірінші Азаматтық Жарғысының (1922 ж.) жалпы нормаларында бекітілген, азаматтық кұкық кабілеттілігі кеңестік цивилистік теорияның ең елеулі және маңызды мәселелерінің біріне айналады"[1, 191 бет]. Осы айтылған ой тұрғын үй қатынастарына да қатысты екені сөзсіз. Сонымен бірге, тұрғын үймен қамтамасыз ету барлығын тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы ұран сакталғандықтан жоспарлы жүйенің белгілері басым болған аялардың бірі еді. Тұрғын үймен тегін қамтамасыз ету социализмнің идеологиялық жалауының бір элементі болды, өйткені ол жалпы халықтық өндірілген өнімді жеке тәртіпте бөлуді көздеген аз ғана аялардың бірі болған еді.

Всего 15 страниц.

ВложениеРазмер
Turgyn_ui.zip33.95 КБ
Тип работы: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий