РефератКонституциялық – құқықтық нормалар, институттармен принциптер

Жоспары:

1. Конституциялық – құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлері мен ерекшеліктері.

2. Құқықтық институттар.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері.

1. Конституциялық – құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлері мен ерекшеліктері
Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады.

Құқықтық нормалар реттеушілік және қорғаушылық қызмет атқарады. Реттеушілік нормаларға құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бәр нұсқасын белгілейтін конституциялық құқықтық нормалар жатады. Бұл, Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бөлімінде анық көрінеді. Қорғаушылық нормаларға субъектілер тәртібін мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықталатын конституциялық құқықтық нормалар жатады. Конституциялық құқық қорғау нормалары конституциялық құрылысты нығайтуда, азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады. Бұл нормаларға Президенттің импичменті туралы, Үкіметке, оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады.

Конституциялық құқықтық нормаларды түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлеміз.

Всего 11 страниц.

ВложениеРазмер
10.zip13.83 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий