РефератМемлекеттік меншік құқығы

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................3-4 б.

Негізгі бөлім:

1. Мемлекеттік меншік құқығының мәні мен мазмұны................... 5-7 б.

2. Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері мен объектілері....................................................................................... 8-14 б.

3. Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды мемлекеттік иелігінен алу және жекешелендіру...............................................15-21б.

Қорытынды...................................................................................................22 б.

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................23 б.

Кіріспе


Мемлекеттік меншік - Конституциямен, Азаматтық кодекспен меншіктің бір түрі ретінде бекітілген.
Азаматтық кодексте азаматтық-құқықтық қатынастардағы барлық қатысушылардың теңдігі көзделген.
Азаматтық кодекстің 111-114 баптарына сәйкес мемлекет азаматтық – құқықтық қатынаста өзіндік егемендік иммунитетін көрсетпейді, қайта азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде қатынасады. Мысалы, мемлекетке және әкімшілік – аумақтық бөліністерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң құжаттарынан өзге норма туындамайтын болса, қолданылады. (АК – тің 114 - бабы) және азаматтық – құқықтық дауларды Қазақстан Респуцбликасының қатысуымен соттар шешеді. (АК – тің 111 – бабы 3-тармағы).
Мемелекеттік меншік қатынасы теңдікті жариялай отырып, бірақ белгілі бір ерекшеліктерге ие: а) мемлекет егеменді биліктің иесі, ол осыған орй заңдар қабылдап, әкімшілік актілерін шығарады; ә) мемлекет заңды тұлға болып табылмайды, сондықтан да оның атынан өкімет билігі мен басқару органдары әрекет етеді, олар өздерінің құзыреті шегінде, белгіленген заңдар мен ережелер шеңберінде қимылдайды; б) мемлекеттік меншіктің аумағы зор, ол кез келген мүлікті, оның ішінде айналымнан алынған немесе шектелгендерін де иелене алады; в) мүлікті меншікке алуды әртүрлі тәсілдер қолданады, айталық, салық баж салығы, жинау және т.б. бар; г) мемлекеттік меншік негізінде әлеуметтік міндеттер жүзеге асады, яғни тұрғындарды күнкөріске қажеттілікпен қамтамасыз етеді.

Мемелекеттік меншік құқығын объективтік мағынада Қазақстан Республикасы атынан мемлекетке жататын материалдық игіліктерді бектінен және қорғайтын құқықтық нормалардың жиынтығы деп түсіну керек және де ол мемлекттік мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге байланысты тәртіп жүйесін бекітеді.
Мемлекеттік меншік құқығын субъективтік мағынада мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөнінде мемлекеттік өкілеттігіне жататын құқықтардан тұрады, мемлекет оның Қазақстан халқының мүддесі жолында өз қалауы бойынша жүзеге асырады.

Всего 22 страницы.

ВложениеРазмер
Memlekettik_menshik_kukygy.zip17.19 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий