РефератМемлекеттің пайда болу негіздері мен себептері

Мемлекеттің пайда болу негіздері мен себептері

Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмiр сүрiп келедi. Жеке адамдар тиiстi мемлекеттiң азаматы болып, сол мемлекеттiң билiгiне, құқықтық тәртiбiне бағынып, өзiнiң iс-әрекетiн, мiнезi, тәртiбiн қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмасайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келедi – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келедi.

Ру дәуiрiнде адамдар тек даратылыстың даяр өнiмдерiн жинап қорек етiп, өмiр сүрген. Келе-келе адамдар өндiрiс құралдарын жасап алып, өздерi шаруашылыққа кiрiседi. Сөйтiп, жинау-терiмшiлiк шаруашылығынан өндiру шаруашылығына ауыса бастайды. Мал өнiмдерiмен күнелтуден диқаншылыққа ауысады. Диқаншылықтың нәтижесiнде отырықшылық қалыптасып, елдi мекендер, қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнерi пайда болып, ол мал шаруашылығы және диқаншылық сияқты табыс көзiне айналады. Экономиканың аталған салалары бiрiнен-бiрi бөлiнiп шығып, дербес өмiр сүре бастағаннан кейiн, бiрiнiң өндiрген өнiмiне бiрi мұқтаж екендiгi байқалады.

Диқандарға мал өнiмi, малшыларға жер өнiмi, қолөнершiлерге тамақ қажет болады. Сөйтiп, соларға делдалдық жасайтын алыпсатарлар бөлiнiп шығады.
Құрал-саймандардың жетiлдiрiлуiне байланысты еңбек өнiмдiлiгi де өседi. Соның нәтижесiнде ортақ өнiм пайда болады. Рулық қауымда барлық жиналған, табылған өнiм ру мүшелерiнiң жалпы меншiгi болған едi. Ендi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiне байлансыт артық өнiм жеке адамдардың, жеке отбасыларының меншiгiне айнала бастайды. Сөйтiп, малға, жерге, қолөнер бұйымдарына жекелеген иелер пайда болады. Ақырында ру қауымының жалпы меншiгiнiң орнына жеке адамдардың меншiгi пайда болып, меншiктiң айрықша түрi – жеке меншiк қалыптасады. Жеке меншiктiң пайда болуына байланысты қоғам таптарға бөлiне бастайды. Бiр жағынан, құрал-жабдықтар, өндiрiлген бұйымдар, мүлiк-дәулет адамдардың бiр тобының қолына шоғырланады да, байлар пайда болады. Екiншi жағынан, кедейлер, жарлылар пайда болады. Сөйтiп, рулық қауым өзiне тән белгiлерiнен айрылып, құлдырайды. Оның орнына жеке меншiкке негiзделген, айрықша екi үлкен әлеуметтiк топтан тұратын қоғам қалыптасады. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерiнiң игiлiгiн көздеп, еркiн бiлдiретiн қауымдық билеу құрылымы өз мiндетiн, қызметiн атқара алмайды.

Меншiк иелерiнiң – байлардың айрықша мүдделерi болғандықтан, басқа ру мүшелерiмен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мәселелердi тең негiзде шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердiң арасында қайшылықтар пайда бола бастайды. Қоғамдағы осындай түбегейлi экономикалық-әлеуметтiк өзгеiстердiң нәтижесiнде қоғамды билеу, басқару жүйесi де өзгере бастайды. Рулық билiктiң орнын саяси билiк, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтiп, қоғамның белгiлi бiр сатысында мемлекет пайда болады.

Всего 14 страниц.

ВложениеРазмер
Meml_paida_boluy.zip21.11 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий