РефератЖамбыл облысының сирек өсімдіктері.

– көп жылдық, жер асты сабақты шөп тұқымдас өсімдік.  Құртқашаш бірнеше түп болып орналасады. Жапырағы жалпақ, орақ сияқты, гүл ірі, өрген шаш тәрізді.  Бұл өсімдіктің ерекше бір қасиеті-вегетивті түрде жер асты сабақтарын көбейте алатындығы. Қазақстанда құртқашаштың 21 түрі өседі. Соның ішінде сирек кездесетін екі түрі (касатик Людвига және касатик Альберта) бар. Біріншісі тек Шығым Қазақстан облысында, Бұқтарма өзенінің жағалауында және Нарым жотасының етектерінде, Қатон-Қарағайда кездессе, екіншісі тек Іле-Алатауының жоталарында ғана өседі. Құртқашаш әсем өсімдіктер қатарына жатады.

Грейг қызғалдағы– Қазақстанда қызғалдақтың 30 түрі кездесетін болса, соның ішінде ең ірісі осы қызғалдақ. Бұл қызғалдақ гүлінің диаметрі әсіресе ашылған кезде 35-40 сантиметрге дейін барады. Сондықтанда Грейг қызғалдағаына кейде қызғалдақтың падишасы деп те атайды. Грейг қызғалдағы Шу-Іле тауларында, Талас Алатауында және Қаратауда кездеседі. Қазіргі кезде бұл айрықша қызғалдақтың түрі сирек кездеседі. Сондықтан да оны қорғау керек. Бұл өсімдікті сақтаудың ең оңай жолы оның пиязшығын және гүлін жергілікті тұрғындарға көктемде дайындауға рұқсат етпеу қажет. Сондай-ақ, қызғалдақтар сақталған жерді қорыққа алынған деп жариялау керек.

Регель қызғалдағы– бұл қызғалдақ өте әсем, сондықтан да ол өзіне ғылыми қызығушылық тудырады. Бұл түрдің ерекшелігі жапырағында болып табылады. Жапырағының бетінде сирек тарақ жүрген жолдай сызықтар бар үлкен жапырақ пластикасы үлкейіп, күн сәулесін қабылдауына көп көмектеседі. Регель қызғалдағы наурыз айында ерте гүлдейтін гүлдердің бірі болып табылад. Қызғалдақтар ішіндегі ең кішісі (жер бетінен орташа биіктігі 5-7 см),  яғни «алғашқы қарлығаш» деп аталады. Пиязшығы майда, ал жапырағы атап өткендей, жатып қалған, жұмыртқа пішінді, жапырағының ұзындығы 5 см, үстіңгі жағы қалың гофрирленген, кейбір түрлерінде кішкене екінші жапырағы болады, ол жапырақ әлі дамып үлгермеген түрде болады. Гүлінің сабағы шіңішке келеді. Гүл жалғыз, ұзындығы 2.5 см. Ішкі жағы жасыл дақтары бар ақ түсті, сыртқы жағы күңгірт түсті болып келеді. Бұл қызғалдақ таудың тасты жоталарында, мал жайылымдық жерлердеөседі. Сондықтан да бұл Регель қызғалдағы жойылуға жақын түр деп есептеледі.

Сары лапыз және Кесселринг лапыз– сирек кездесетін түрлер. Ақпан айының соңында Шымкент облысының оңтүстігі мен Жамбыл облыстарындағы тау етектерінде өте ерте шығатын гүлдер – сары лапыз бен Кесселринг лапызын көруге болады. Бұл гүлдерді жаздың соңына дейін биік таудың жоталарынан да кездестіруге болады. Бұл екі түр бір-бірінен гүл шоғырының түстері арқылы ажыратылады. Мәселен: сары лапызда ол ашық сары түсті, ал Кесселринг лапызында ақшыл көк түсті болады. Олардың пиязшықтары, ұзын түтікшеге жалғасқан сыртын қағаз тектес қабатпен қапталған сияқты болады, жапырақтарының ені 1 см, ұзын сызық тәрізіді келеді. Гүлдерінің саны 1-3 қоңыраудан тұрады. Сары лапыз Орта Азияда, Афганистанда, Пакистанда, ал Кесселринг лапызы Орта Азияда кездеседі. Екі түрде улы, сондықтан да бұлар малға қорек болмайды. Бірақ көбінесе мал жайылым жерлерде өзінің санын азайтқан.

Тип работы: 

Добавить комментарий