Реферат1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Өлкедегі азамат соғысы (1917-1920 жж.)

  1. 1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

  2. Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласындағы алғашқы өзгерістер.

  3. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).

 1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен  дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс.Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері,  эсерлер, меньшевик-  тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар,   шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды.Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды.

ВложениеРазмер
Файл 1917 sogysy.rar12.45 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий