РефератБАЭ - Біріккен Араб Эмираттары

Арабия асханасында келесі тағамдар кең орын алған: хомус – бұршақ пен күнжіт ұрығынан жасалған паста, таббуле – ұсақталған жұмсақ ет, ақ желкен мен майдаланған бидай, гузи – жаңғақ пен күріш қосылған қозы еті. Харис – арнайы дайындалған бидайдан пісірілген ет.   Араб эмираттары – теңіз елі, сондықтан мұнда ет тағамдарынан басқа теңіз жануарларынан жасалған тағамдар өте көп. Таңқышаян, асшаян, омар, тунец – бұлар бұлар күріш және арнайы дәм қосарлармен бірге берілетін тағамдар.   Араб елінің дәстүрлі жеңіл тамағы – шаверма (араб шелнегіне оратылған салатпен өрге қозы немесе балапан еті) – қаланың әр бұрышында сатылады.   Жергілікті десерттер өте дәмді – умм али (нан нудингісінің бір түрі), эш асаяя (бетіне крем жағылған тәтті ірімшік пирогы), мехалабия – (қызғылт сумен және пістелермен себілген пудинг).   Кофе тағайындау – бұл елдегі үлкен өнер болып есептеледі. Ең кереметі – аравиялық, ашық түсті. Ол жартылай қыздырылған дәннен жасалады. Сан жетпес Аравия кафелерінен оның дәмін татуға болады.  

БАЭ мұсылман елі болғандықтан, спирттік ішімдіктер барлар мен ресторандарда, қонайүйлерде ғана сатылады. Тек Шардж эмиратында ғана алкогольге мүлде тыйым салынған. Дубаи – ең демократиялық қала болып саналады. Қоғамдық орындарда, көшеде, жағажайда алкогольді пайдалануға болмайды. Транспорт жүргізуге мас кезінде мүлдем тыйым салынған. Бұл үшін үлкен айыпқұл салынады, тіпті қамауға алуы да мүмкін. Құбырдан су ішу зиянды емес. Шөлмектегі суды да пайдалануға болады. 

 

БАЭ-ғы климат.

 

БАЭ нағыз құрғақ субтропикалық климатымен ерекшеленеді(жылына жауын-шашын – 13см). Жаз мезгілі өте ыстыө болады(+480С-ге дейін). Күн және бұлтсыз аспан жылына 360 күн. БАЭ-да туристік маусым жазғы аптап азайған кезде қыркүйек айының соңында басталып, мамыр айының бірінші жартысына дейін созылады.

ВложениеРазмер
Файл BAE.rar9 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий