РефератГермания

Германия – федеративті мем­лекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жер­ден тұрады. Негізгі заңы – конс­ти­туциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қа­зір­гі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамы­рында сайланған.

Германия парламенті екі па­ла­тадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бун­десратты жер үкіметі өкілдері­нің 68 мүшесі құрайды. Егер феде­ралдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мер­зімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді.

Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасы­рын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құ­рамына германдық Бундестагта сай­ланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германияның қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель.

Германия Федеративті Рес­пуб­ликасында бірқатар саяси партия­лар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты пар­тияны бөле-жара атаған жөн. Реті­не қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демо­кра­тиялық одағы. Бұл партияны Фе­де­ралдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық эконо­ми­ка. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демокра­тия­лық пар­тиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған “Жасылдар” одағы. 2002 жылғы қыр­күйекте өткен Бундестаг сай­лауында тиісті 603 орынның 251-ін Германия Социал-демократиялық партиясы, 248-ін Христиан демо­кра­тиялық одағы мен Христиан әлеуметтік одағы, 55-ін “Жасыл­дар”, 47-сін Еркін де­мо­кратиялық пар­тиясы, ал 2 орын­ды Демо­кра­тиялық социализм партиясы алды. Германия экономикасы дамы­ған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары мә­ши­не жасау, электр техникасы, ме­тал­лургия, химия және фармацев­тика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Со­ны­мен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңізіндегі Гам­бург пен Бремен, Балтық теңі­зіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады.

ВложениеРазмер
Файл German.rar3.94 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий