РефератСоциология реферат

 

Социология (XIXг-дын, 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оныңғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдықдамудыңбелгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.

Алайда, социологияның кеш пайда болуыоған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардыңшеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялықэкономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпықоғам, оныңкейбір элементтері және оныңдаму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі Шығыс цивилизациясының — Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытай - қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар коғамтанушылар болып есептеледі. Олардыңқоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе — адамдар арасындағықатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардыңшыншыл, өнегелі болатын, жаман кылықтарданбойларын аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақКофуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдықнормалардың азайып бара жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге, атаққұмарлықка ұмтылу пиғылдарыныңөріс алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу,өз кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенденцияларын көрсетеді. Конфуций этикасы «қайырымдылық», «кішіпейілділік», «адамды сүю» «тура жолмен жүру» сияқты принциптерге сүйенеді.Сайыпкелгенде, Конфуций адамдар арасымдағы әлеуметтік қатынасты — борыш пен заңды мойындайтын, орынға коятын адам мен өз пайдасын көздейтіп адамды салыстыра отырып, олардың адамдықобраздарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді. Бірінші образдағы адам бірлікке, татулыққа ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кері құбылыстарғаұмтылатынын баса айтқан.

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon sociologiya_referat.doc39.5 КБ
Тип работы: 

Добавить комментарий