РефератФайзолла ақын және Алаш қоғамдық саяси қозғалысы

Қазақ әдебиетінің тарихындағы ақтаңдақ беттердің бірі – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Торғай өңірінде қалыптасқан ақындық мектеп. Өзіндік дәстүр ерекшеліктері бар бұл ақындық мектеп өкілдерінің шығармашылығы жөнінде кеңес заманында сөз қозғау өте қиын болды. Олардың шығармалары ел арасында жасырын түрде ғана айтылып жүрді. Мұның себебі – бұл ақындық мектептің ұстаздары Уақ Жұмабай Шалабайұлы, Есенжол Жанұзақұлы, Сейдахмет Бейсенұлы, Әбіқай Нұртазаұлы сияқты ақындар Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтың ақындық жолындағы алғашқы ұстаздары еді. Сонымен бірге бұл ақындардың шығармалары да идеялық жағынан кеңестік қоғамға жат болатын. Торғай ақындық мектебінің тағы бір топ өкілдері – Құбаша Шалбайұлы, Файзолла Сатыбалдыұлы, Әлмұхаммед Оспанұлы сияқты ақындар Ахмет Байтұрсынұлымен, Міржақып Дулатұлымен, Ахметсапа Юсуповпен «Алаш» қозғалысының басқа да мүшелерімен аралас-құралас, ниеттес, пікірлес болған. Сол себепті де «халық жауы» атанып сотталған, жер аударылған. Тәуелсіздігімізді алып, 1937 жылдары жазықсыз атылған, қуғын-сүргін көрген арыстарымыз ақталғаннан кейін жоғарыда аталған ақындық мектеп өкілдерінің есімдері қайта оралып, олардың әдеби мұрасымен қайта қауыша бастадық. 1916 жылы 25 маусымда Николай патша Орта Азия, Қазақстан және тағы бірқатар өлкеден 19 бен 43 жас араларындағыларды «қорғаныс бекіністерін және әскери шептерін» жасауға жұмысқа алу туралы жарлыққа қол қойды. Осы жылдың 28 маусым күні ішкі істер министрлігі мен қорғаныс министрінің «бұратана халықтарды» тыл жұмыстарына «реквизициялау» (мүлікті мемлекет қарамағына еріксіз алу) туралы бұйрығы Қазақстанға телеграф арқылы жетіп үлгерді 

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon fayzolla_akyn_zhne_alash_kogamdyk_sayasi_kozgalysy.doc71 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий