РефератӨзбекстандағы қазақтар

 

Ұлттық сана-сезім, ұлттық патриотизм әр адамды, әр халықты ұлттық ойлау қабілеті, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық. Егер бір ұлттың бір бөлшегі басқа жерде, я өз Отанында бөлек ұлттың сана-сезімі негізінде тәрбиеленсе, онда ол қоғамның мүшелері басқа ұлттың әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін қабылдайды, біраз уақыттан кейін сол ұлтқа сіңіп кетеді. Сондықтан халықты ұлт ретінде сақтайтын жалғыз жол бар. Ол жол – жас ұрпақты ұлттық сана-сезім негізінде тәрбиелеу (әсіресе мектепке дейін және мектепте). Ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы бала дүниеге келгеннен бастап отбасындағы ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Егер отбасында ұлттық тәрбие болмаса, балалардың ұлттық тұлға болып қалыптасуы сондай теріс тәрбиеге лайықтанып қалыптасады. 

Көп ұлтты Өзбекстан Республикасында жасайтын қазақ елінің ұлттық сана-сезімі бекем, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрді сақтау өте жоғары деңгейде дамыған.

Ұлттық сана-сезімді қалыптастыратын құралдардың ең негізгісі – ана тілі. Өзбекстанда жасайтын қазақ халқының ана тілі мақтайтындай жағдайда жақсы сақталған. Қолданылу жиілігі жоғары, әлеуметтік қызмет атқаруы (тұрмыстық қарым-қатынас, мектепте білім беру барысында) бірінші орында тұрады.

Бүгінгі күнде Өзбекстан Республикасында жасайтын қазақтар саны әртүрлі беріледі. Кейбір деректерде бір милионнан астам дейді, басқа бір деректерде 850000-ға жуық дейді. Қазақстанда «Оралман» бағдарламасы жүзеге асқаннан соң, Өзбекстаннан қазақтардың Қазақстанға көшуі күшейе түсті. Сол себептен Өзбекстан жерінде қазақтың саны азайып келеді. Өзбекстандағы қазақтардың басым көпшілігі баяғыдан сол жерде өсіп-өнген, сол жерде қазақ болып қалыптасқан ел, сондықтан Өзбекстанда қазақтар ата-бабасының тұлпары таптаған жерде өмір сүреді.

Өзбекстан Республикасында қазақ халқының өкілдері төменгі аудан-аймақтарда шоғырланған:

1. Ташкент облысының барлық аудандарында, бірақ басым көпшілігі Бостандық, Жоғары Шыршық, Орта Шыршық, Төменгі Шыршық, Жаңа Жол, Қыбырай, Шыназ, Бөке аудандарында және Шыршық қаласында;

2. Қарақалпақстан Республикасында;

3. Науаи облысында. (Тамдыбұлақ, Кенимех аудандарында, Үшқұдық, Зеравшан қалаларында);

4. Жызақ облысында;

5. Сырдария облысында;

6. Бухара облысында (Қарауыл базар, Газли);

Жоғарыдағы тізімде қазақтардың шоғырлануы қалың аудан-аймақтарды атап өттік. Жалпы қазақтар Өзбекстан Республикасының басқа облыстарында да тұрады. 

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon ozbekstandagy_kazaktar.doc49 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий