РефератОртағасырлық Түркі ғалымдары мен жазушылары

 

Ғалымдар Қайта өрлеу дәуірін  Ренессанс деп атайды, өйткені бұл кезеңде антикалық дәстүрлер қайта жаңғырып,  ғылым мен мәдениетте,  әдебиетте өрлеу, өркендеу байқалды. Ренессанстың алғашқы ғалымдары мен жазушылары, философтар  түркі  ойшылдары еді. Олардың Ренессансы ІХ-Х ғасырларда-ақ  басталды, Европаға Ренессанс бірнеше ғасырдан кейін келді.

Әбу Насыр Әл Фараби (870-950 жж) бүкіл әлемге «Екінші ұстаз» ретінде танылды (бірінші ұстаз болып ежелгі грек философы Аристотель саналады). Әл Фараби ғұлама ғалым, философ, математик,  өнертанушы, әдебиеттенушы, ақын болатын. Ол  қазақ жеріндегі Отырар қаласында дүниеге келді.  Арыс өзенінің Әмударияға  құятын жеріне жақын орналасқан Отырар  қаласын қыпшақтар Қарашоқы деп атады.

Ортағасырларда  Отырарда қыпшақтар, қаңлы,  қоңырат сияқты, кейіннен қазақ хандығының құрамына енген рулар өмір сүрді. Отырар қаласының өзі жартылай көшпелі, жартылай жер өңдейтін диқаншылар қаласы бола отырып, Арал теңізі жағасындағы халықтардың сауда мен айырбас орталығы ретінде әйгілі болды. Арабтар Отырарды Фараб деп атады, Әл Фарабидің есімі де осы қаладан шыққандығын білдіреді. Қыпшақ тілінде Әл Фарабидің толық есімі – Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн ұзлағ Тарахани, мұндағы «тархан» сөзінің мағынасы, біріншіден, түркіхалықтарынан шыққандығын бірлесе, екіншіден, қағандарға жақын бай, шонжарлар ортасына жататынын  көрсетеді, «тархан» сөзі- «патшазада» мағынасын да білдіреді. Оның негізгі трактаттары мен философиялық еңбектерінің жалпы саны екі жүзден асады. Философиялық және матемтикалық еңбектерінің ішінде әйгілері «Альмагеске түсініктемелер», «Метафизика», «Ғылымдардың пайда болуы туралы»,  «Әріптестер кітабы»,  «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары  туралы  трактат» және басқалары. Әл Фараби алғашқылардың бірі болып поэтикалық өнер психологиясын зерттеп, поэзия туралы үлкен трактат жазды, өзі де  тамаша  ақын болатын.

Жүсіп Баласағұн 1015 немесе 1016 жылы Баласағұн қаласында туды. Ол кездері Баласағұн қаласы Күз-Орда болып аталатын.  Жүсіп бай, белгілі түркі отбасынан шыққан, сол уақыт өлшемі бойынша өте терең білім алған, парсы-тәжік және араб поэзиясын тамаша білген, олардың әсері ақын шығармаларынан байқалып  отырады. «Құтты білік» - Шығыс ақындарының көптеген буындарына үлгі болған, ерте түркі поэзиясының аса құнды  маржандарының бірі. Оны  ақын қартайған  шағында Қашқар қаласында жазған. Жүсіп Қашқар әміршісі сарайында қызмет етсе керек, өйткені поэма-әмірші мен оның айналасындағыларға өзін-өзі қалай ұстау, тәрбиелі болуды үйретіп, өмірдің  әр қилы жағдайларында не істеу керектігін насихаттайды. Бұл поэманы Қашқар мен Табғаш империясының бүкіл  шығыс бөлігінің  әміршісі Боғра-Қара –Хақанға сыйлаған соң Жүсіп «сарай министріне» тең «ұлық хасс-хаджиб» лауазымы мен үлкен қызметке ие болады.

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon ortagasyrlyk_turki_galymdary_men_zhazushylary.doc59 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий