РефератТүріксой ұйымы – түркі халықтарыны мәдениетінің бірлігі

 

Арғытарихтыңбедеріндекүлліәлемгеізқалдырғантүркідүниесініңбүгінгікүнідедүниежүзілікөркениеттеерекшеорныбарекенібелгілі. Жалауын жоғары ұстап, намысын ешкімге таптатпаған ежелгі түркі халықтарының қазіргі ұрпақтары бір-бірімен рухани туыстық қарым - қатынасты жақсы жолға қойған. Түп негізі бір, тілегі ортақ, түркі жұртын тек бір-бірін қиналмай ұғысатын тіл ғана жақындастырып қоймайды, олардың етене араласуына бастау-негізі тамырлас өнердің де ықпалы аз болмайды. Түркі өнері - түркілік рухты қозғайтын айрықша кұбылыс.

Әлемдік өркениетте айшықты қолтаңбасы бар түркі дүниесін руханият саласындағы қоғамдық ұйымдардың белсенді қызметі арқылы да танимыз. Бұл бағытта нақты жұмыс жүргізіп отырған беделді ұйымдардың бірі - Түрік мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйым - ТҮРКСОЙ. Ұйымның кұрылғанына көп уақыт өтпесе де ТҮРКСОЙ деген атау түрік бірлігі деген ұғымның талассыз баламасына айналып кеткені рас.

Түркі халықтарының бірлігін арттыруды көздейтін ТҮРКСОЙ соңғы жылдарда қазақ жұртын елеңдете бастады. Ұлт мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген азаматтар осынау беделді ұйымның сыйлықтарымен марапатталды. Өнер шеберлері мен сахна саңлақтары ТҮРКСОЙ-дың халықаралық жиындарына арнайы шақырылады. Сол арқылы бұл беделді ұйым кейінгі жылдарда өзіне Қазақ елінің де назарын ерекше аударуда. Бұлай болатын жөні де бар. Біздің ел осы ұйымды ұйымдастыру және қалыптастыру ісіне ауқымды үлес қосқан мемлекеттердің бірі. Бұған ТҮРКСОЙ-дың іргелі жиындарының біразы Қазақстанда өткізіліп жүргендігі дәлел. Әрине, бұрын бұл беделді халықаралық ұйымның өкілдері өнер мен мәдениеттің орталығы — Алматыда қабылданатын. Елбасының идеясымен Арқа төсінде бой көтерген әсем Астана бұл жолы ТҮРКСОЙ-ды алғаш рет өзінің қонақжай шаңырағына шақырып отыр. Сол арқылы халықаралық құрылымға елордамыздың да нағыз руханият бесігіне айнала бастағанын аңғартуды жөн санадық.

Әлемдік дәрежеде іргелі істер атқаратын халықаралық ұйымдардың қай-қайсысы да ізгі мақсат көздейді. Бүгінде қазақ зиялыларына ғана емес, әлем жұртшылығына жақсы танымал ТҮРКСОЙ түркі дүниесінің мәдени ынтымақтастығын нығайтуды мойнына алған. Түбі бір түркілердің тілінде орындалатын өнер түрлерін дамытып, қанатын қатайту — осы ұйымның енші-сіндегі міндет. Бұдан аталған құрылым тек мәдени байланыстар орнатумен ғана айналысады деген ұғым тумауға тиіс. ТҮРКСОЙ ұйымға мүше елдердің арасында татулықтың болуына, тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді. Бұл ұйым түркі дүниесінің әлемдік өркениеттегі орнының берік болуын қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп кояды. Ежелгі тарихқа жүгінсек, түркі тұтастығының ыдырап кетуіне ел арасындағы бірлікке сызат түскендігі себеп болғанын көреміз. Ендеше тарыдай шашырап кеткен рухани құндылықтарды жинап,барымызды түгелдеп, жоғымызды іздеу үшін түркі дүниесінің бірлігін сақтап қалу өте маңызды. Аталған ұйымның жетекшілері осынау ұлы міндеттің салмағын жан-тәнімен сезінеді.

Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий