РефератЭтнопедагогика мен этнопсихологияның ортақтығы

 

1. Ұлттық психикалық құрылым мен ұлт мәдениетi арасында байланыс.

2. Ұлттық психикалық құрылым - мәдени ерекшелiктiң шартты белгісі.

3. Салт-дәстүр сабақтастығы.

Этнопедагогика — ±лттыќ салт-дєст‰рлердiњ тєлiмдiк мєн-маѓынасын зерттейтiн ѓылым саласы болса, ал этнопсихология —халќымыздыњ сан ѓасырлар бойы ќалыптасќан дєст‰рлерi мен салттарындаѓы ±лттыќ сана-сезiмiн, µмiрге деген кµзќарасын, µзiндiк ойлау ерекшелiктерiн зерттейтiн ѓылым.

Олай болса, этнопедагогика мен этнопсихологияныњ даму процесiнде ортаќ зандылыќтар бар деп ќарауѓа тура келедi.

Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшiн қажеттi факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмiрiнiң, тiлi мен мәдениетiнiң, әлеуметтiк психологиядағы сол ұлтқа тән кейбiр этникалық ерекшелiгiнiң ортақтастығы болып табылады.

Ұлттық психикалық құрылым мен ұлт мәдениетi арасында тығыз байланыс бар. Ұлттық психикалық ерекшелiк ұлт мәдениетiнiң түрлерiнен көрiнiс бередi. Мысалы, бiз ән-күйлердi, билердi тыңдай отырып, немесе ою-өрнектi, зергерлiк әшекей заттарды көрiп, оның қай ұлтқа тән екенiн бiрден айырамыз.

Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелiгi адамдардың әлеуметтiк қарым-қатынасынан, киiм киюiнен, спорттық ойын түрлерiнен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келiн түсiру, қыз ұзату, қонақ күту, өлiк жөнелту рәсiмдерiнен т. б.), ұлттық тағам түрлерiнен байқалады.

Ұлттық психикалық құрылым үш бөлiктен тұрады: ол ұлттық сезiм, салт-дәстүрлер және ұлттық мiнез. Осы үш бiрлестiк ұлттық мәдени ерекшелiктiң шартты белгiлерi болып табылады.

Ұлттық сезiм дегенiмiз — адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тiлiне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйiспеншiлiктi бiлдiруi. Ұлттық сезiм адамды қоршаған ортаның әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкiлiне тартқан ерекше табиғи сыйы. Ұлттық сезiм басқа сезiмдер сияқты адамның жеке басының қанағаттану, шаттануымен немесе риза болмай, қанағаттанбауымен байланысты ой-қиял, әсер сезiмiнiң сыртқа шыққан көрiнiсi. Мысалы, “Елiм-ай” әнiн ести отырып, елiнiң басына түскен ауыртпалық, шапқыншылық әрекетке езiлiп мұңаюы немесе “Саржайлау”, “Сарыарқа” күйлерiн ести отырып, тыңдаушының туған жер табиғатына деген сүйiспеншiлiк, шаттық сезiмiнiң оянуы табиғи заңды құбылыс. Адамның ана тiлiне деген сүйiспеншiлiгi де ұлттық сезiмiнiң ерекше түрi. 

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon etnopedagogika_men_etnopsihologiyanyn_ortaktygy.doc138 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий