РефератШоқан және музыка

 

Музыка зерттеуші ғалымдар мен музыка қайраткерлері Шоқан кезеңін қазақ халқы музыка мәдениетінің гүлдену шағы, халық музыка шығармашылының профессионалды –(классикалық) деңгейге көтерілген дәуірі  деп санайды. Алайда, ғалымдардың бір тобы ХІХ ғасырдың екінші  жартысында музыка өнерінде демократиялық тенденцияның өрістеуін орыс мәдениетінің әсерінен қарастырса,  екінші бір қатары төл топырағымызда ықылым замандардан келе жатқан уақыт пен табиғаттың, ел мен мекеннің өзі тікелей тұлғалаған дәстүрлі өнер түрінде таниды.

Қазақтардың музыкалық қабілетінің аса биіктігін көрсететін Шоқан айтқан аңызды жазып алдырған Потанин қазақтардың поэзиясы мен музыкасының байланысы жайлы Гелграфия қоғамы мәжілісінде тиянақты тұжырым білдірген . Жарты ғасырдан соң  Потанин жаңғыртқан қазақтарға ән қонған халық екендігі жайлы осы аңыз бен музыканың поэзиямен сабақтастығы төңірегіндегі Шоқанның пікірін шамамен 1855-1856   жылдары жазған (« Қазақ халық поэзиясының формалары») атты еңбегінен  ұшыратамыз. Бізге толық жетпеген бұл зерттеуінде Шоқан «Ер Көкше – Ер Қосай» мен «Орақ батыр» жырларынан мысал келтіре отырып, жырдың жалпы сипаттамасын қара сөзбен әңгімелей келіп, бас кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен ой-пікірі өлеңмен яки қобыздың сүйемелінде әнмен айтылатындығын жіктеп жазған. Мұнан туатын қорытынды, поэзияның музыкамен ұштастығын Потанин мен Затаевичтен бұрын байқап, тарқатқан Шоқан.

Екіншіден, музыка зерттеушілерінің ән жайлы аңыздың Шоқан нұсқаларын алмай, үнемі ғалымның әңгімелеуі бойынша жазылған Потанин вариантын ұсынуы арнайы қарастыруды қажет етеді.

Бір нұсқасында Шоқан: «Ән әлемді шарлап жүріп, бірде Сырдың арғы бетіне (сағасын),қарақалпақтар қонысына аялдапты. Өмірі (құлақ) естімеген, (көз) көрмеген қонақтың түскендігі жайлы (жылы) хабар жай оғындай жылдамдықпен шар-тарапқа мәлім болып, бақыт қонған ауылға сансыз қарақалпақ ел-жұрты бас қосып, ғажайып қонақты күн батқаннан таң атқанша, әбден қалжырап, әннің көзіне ұйқы тығылғанша тыңдапты»,  деп тарқатады да түйініде: «Сыр өзенінің жоғары жағында алысырақ қоныстанған қырғыздар мен түркмендер (туыстас тайпалар ол кездері қатар қоныстанған) түн ауа ғана жетіп, керемет әуеннің тек соңын тыңдап үлгірген», - деп тұжырымдайды.

Мұнымен қатар, Шоқан пікірлерінің ішінде күні бүгінге дейін өз жоқшысын таппай, кезеңін күткен қуатты пікірлер де бар. Мысалы, қобызды, домбыраның ығыстырып шығарғандығын көзімен көрген әрі қазақ музыкасына ене бастаған түбірлі өзгерістерді жазып қалдырған Шоқан ысқылы музыкалық аспап-қобызды «ойналуы өте күрделі, тартымды да әсерлі аспап» , -деп жоғары бағалайды. Әрі қобыз сүйемелімен айтылатын ескілікті жырлардың қалып бар жатқандығына, жыр орындау өнерінің бұл үлгісі де, тіпті, көне музыкалық аспап қылқобыздың өзі де бақсының меншігіне айналып, әйгілі суырып салма ақын Жанақ әншіден кейін ата дәстүрдің тұлдырсыз қала бастағандығына қынжылады.

Осы орайда бір еске сала кететін жай, Шоқан бақсылық шаман дінінің жұрағаты екендігін ашып жаза тұра, «бақсылық болмысын» сыңар жақ қарастырмай, бақсы «ойынына» халықтың музыкалық мәдениетінің көне түрінің бірі ретінде қарайды. Бақсылық «ойынындағы» әншілік, бишілік, театрлық элементтерді жан-жақты талдап түсіндіріп, бітім-болмысын толық ашуды ниет етеді .

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon shokan_zhne_muzyka.doc42 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий