РефератӘулие ата - Жамбыл өңіріндегі оқу-ағарту ісінің дамуы мен ерекшеліктері

 

Араға жарты ғасыр салып өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды, жоғымызды қозғап, барымызды көрсетуге мүмкіндік туды. «Бүгініңді білмесең болашақтан үміт үз, бүгінімді білсем десең, өткеніңе үңіл» деген қағиданы ұстанып, өткенімізге көз жүгіртсек қаншама мол дүниеге кезігіп, қәзіргі жаңалық деп отырғанымыз ғасыр басындағы жақсының жаңғырығы екеніне көзіміз жетуде.

19 ғасырдың басы аяғы мен 20 ғасырдың басында қазақ тарихынан ерекше орын аларлық бір дүркін азамат дүниеге келіп, халқының болашағы үшін аянбай қызмет етті. Оған тарих куә. Мен осы тарихта өз ісімен, өз қолымен, өз еңбегімен, жасап кеткен ұлы тұлғалардың, Әулие–ата уезіндегі салдырып кеткен және іргесі қаланған мектептер туралы сыр шертпекпін. Менің мақсатым Әулие–ата тұсындағы оқу ағарту ісінің, және сол жылдардағы алғашқы мектептерді іздестіру, оны жарыққа шығару, болашаққа жеткізу. Менің ендігі орындар міндетім осы тарихтарды ары қарай зертеп, жүйелеу сол жылдары қаланған мектептерді тарих толқынына еңгізу.Тарихы сонау патшалық отарлық тұсында бастау алатын бұл мектептердің шертері ауыз толтырып айтарлықтай көп.Әулие–ата тұсындағы халыққа білім нәрімен сусындандырған білім ордаларының, қазірге дейін бергені мен жиғаны мол мұра десекте болады.

19 ғасырдың ортасына дейін Қазақ жерінде тек мұсылман мектептептері мен медресселер болды. Онда балаларды арабша оқытты, ислам шариғаттарын үйретті, дін қызметкерлерін даярлады. 19 ғасырдың 60 жылдарында россияға түпкілікті қосылғаннан кейін, қазақтың тұңғыш мектептері ашылды. Қазақ интеллегенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев қазақ арасына орыс мәдениетін насихаттады, жаңадан мектептер ашып, білім тарату үшін күресті. 19 ғасырдың аяғында Қазақстанда мектептің 2 түрлі жүйесі құрылды. Орыс әкімдерін балалары мен қазақтың және басқа ұлттардың ауқатты семьяларының балалары үшін ашылған мектептер және діни мектептер. 1914–1915 оқу жылында Қазақстанның мектебінде 105 мың бала оқыды, оның 7,9 мыңы ғана қазақ балалары еді. Революцияға дейін қазақ халқының 2 %-і ғана сауатты болды. 1930 жылы жалпыға бірдей бастауыш, ал 1931 жылы қалалық жерлерде, жұмысшы поселкелері мен іріленген совхоздарда жеті жылдық білім беру міндеті еңгізілді.

1939 жылғы санақ бойынша халықтың 9 бен 49 жастағылардың сауаттылары 83.6 % жетті. Оның ішінде еркектер 90 %, әйелдер 75% еді. 1951–1952 оқу жылында жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру міндеті негізінен жүзеге асырылды. 1959 жылдан бастап сегіз жылдық білім беру міндеті еңгізілді. Орта мектептер саны артты (1974 жылы 3235 орта мектеп болды).Жұмысшы жастар мектептері көбейді. Көптеген оқу орындарының жанынан  интернаттар ашылды. Әсіресе жергілікті ұлт қыздарын жалпыға бірдей міндетті оқуға тартуға айрықша көңіл бөлініп, олардың толық білім алуынга жағдай жасалуда.Октябрь революциясына дейін Қазақстанда мектепке дейінгі балалар мекемелері болған жоқ, 1920 жылы тұңғыш 20 балалар бақшасы ұйымдастырылып, онда 610 бала тәрбиеленді.

Тип работы: 
Тема реферата: 

Добавить комментарий