РефератСахи Романов

Романов Сахи (Романов Александр) 1926 жылы 1 тамызда Қызылорда облысының Казалин районында дүниеге келді. 1958 жылдан бастап СССР-дағы суретшілер одағының мүшесі.


Жасынан ерте есейіп, жетімдік пен жүдеуліктің бейнетін тартқан Сахиды Орынбор облысындағы Сарықташ ауданы, Ельшанка селосында орналасқан балалар үйіне әкелгенде, ол әлі сегізге де толмаған еді.

Кейін Калинин атындағы совхоздың интернатында жүрген жерінен Орынбор қаласына келіп, қолөнер училищесіне түседі. Осы кезде, баланың бейнелеу өнеріне қабілеті бары байқалады, содан ол оқуын заводта істеген жұмысымен ұштастыра отырып, көркемсурет студиясына қатысуға да уақыт табады.   

Сахи Ұлы Отан соғысы басталғанда Харьков қаласынан көшірілген қару-жарақ жасап шығаратын заводқа жұмыс істеуге жіберіледі. Кейін ол соғыс заказдарын орындап жатқан Куйбышев станок құрылысы заводында істейді. Осы кезде эвакуацияда жүрген белгілі совет суретшілері В.П.Ефанов пен Г.К.Савицкий Мәдениет үйінде өткізілетін студия сабағына жетекшілік етеді. Ол 1944-1947 жылдары Москваның көркемсурет орта мектебінде, ал 1947-1948 жылдары Ленинград қаласындағы И.Е.Репин атындағы институтта оқиды.

Ол живописьтен Б.Ф.Фогель, сурет сабағынан М.Д.Бернштейн сияқты оқутушылардан дәріс алады. 1950 жылы бүкілодақтық киноматография институты көркемдеу факультетінің екінші курсына түсіп,оны 1955 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.   

“Қырық өтірік” ертегісі бойынша салынған суреттер – Сахидың дипломдық жұмысы боп саналады. Осы тақырыпқа салынған оның барлық еңбектерінің беташары болып есептелетін бұл суреттерінде автор Тазша баланың образын сом тұлғалы етіп көрсетеді.

Біреудің қырық жамаулы, жыртық, сөлекет киімін киген, басында үлкен тері бөркі бар, бүйірін таянған албырт жүректі ол жерді нық басып тұр.

ВложениеРазмер
Файл Sahi Romanov.rar742.7 КБ
Тип работы: 
Тема реферата: 
Язык реферата, дипломной или курсовой работы: 

Добавить комментарий